USD
USD
USD

Қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы төленеді

Экология министрлігі Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді іске асыру қағидалары мен мөлшерін әзірледі.

Қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжат Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы президентінің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2022 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

Қызметкердің, курсанттың мемлекеттік орман күзету қызметшінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.