USD
USD
USD

Қаза тапқан кеншілердің туыстарына көмек көрсетіледі

Қарағанды облысында қайғылы апаттан қаза тапқан жандардың жақындарына көмек көрсетіледі. Бұл жайлы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанов айтты.

Қаза тапқан кеншілердің туыстарына көмек көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апат болған "Казақстан" шахтасының маңындағы Шахтинск қаласында брифинг өтті. Кеншілер кен өндіріп жатқан компаниямен 2 жылға еңбек шартына отырған. Сол келісімге байланысты апаттан зардап шеккен барлық кеншілердің емге кеткен қаражаты толықтай төленеді.

"Еңбек шартының төңірегінде қаза болған жандардың жақындарына 10 жылдық жалақы төлеп беру, үй алып беру, басқа да әлеуметтік көмектермен, балаларына оқуға түсуге жәрдем беру қарастырылған. Емханада жатқан жандарға ем ақшасы төленеді", - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің трағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты