2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін партиялар, депутаттар, кәсіпкерлер мен ірі компаниялар қаржылай және өзге де көмек көрсететінін мәлімдеді. 

Қаза тапқан әскерилер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Қазірдің өзінде жарияланған қолдау көлемі бірнеше миллиард теңгеге жеткен. 

Партиялар мен депутаттар қанша қаржы жинады?

«Әділет» партиясы мен оның Іскерлік кеңесінің мүшелері қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ретінде 1,5 млрд теңге аударатынын мәлімдеді.

Ірі жарна қосқандардың қатарында:

  • РАГМП атқарушы директоры Николай Радостовец – 600 млн теңге;
  • «Alageum Group» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов – 300 млн теңге;
  • «ВД-Строй Инжиниринг» байқау кеңесінің төрағасы Еркін Оқасов – 300 млн теңге;
  • Эльбеги Абдиев, Қанат Ибраев, Мұрат Әмрин, Юлия Якупбаева, Серік Аманғалиев және Талғат Темірханов – 50 млн теңгеден.

Жиналған қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылмақ. Қаражат жинау жалғасып жатыр.

Ал Құрылтай депутаттары жеке қаражатынан 146 млн 650 мың теңге жинаған. Атап айтқанда: Айдарбек Қожаназаров, Руслан Идрисов, Мейірхат Қасымбаев, Бекжан Айтқұлов және Махамбет Хасенов – 20 млн теңгеден; Дана Медеуова, Айжан Наимбекова және Бауыржан Жамалов – 10 млн теңгеден; Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамбедиев және Мұса Хайруллиев – 5 млн теңгеден; Бегалы Ералиев – 500 мың теңге қаржы бөлді.

Қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылады.

Ал Respublica партиясы қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге беретінін хабарлады.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері де қалыс қалмады

Қазақстан Халық Кеңесінің бизнес өкілдері де қайырымдылық бастамасына қосылып, жалпы 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді.

Бұл сомаға кіретін негізгі жарналар:

  • Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев – әр отбасыға 25 млн теңгеден;
  • Integra Construction KZ бас директоры Шахмұрат Мүтәліп – әр отбасыға 25 млн теңгеден;
  • SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев – 100 млн теңге;
  • Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов – 50 млн теңге;
  • Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев – 10 млн теңгеден;
  • Геннадий Зенченко, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов – 5 млн теңгеден;
  • Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев – 1 млн теңгеден.

Халық Кеңесі хатшылығының мәліметінше, қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.

Компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің көмегі

Қазақстандағы бірқатар компания мен кәсіпкер де жеке бастамамен қаржылай қолдау білдіретінін жеткізді.

Barys Dynamic пен Beles құрылыс компаниясы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге бөлетіндерін мәлімдеді. Қаражат туыстарына тікелей берілмек. Ал «Харвест Групп» басшысы Алмаз Альсенов 50 млн теңге бағыттайтынын мәлімдеді.

Тимур Құлыбаевқа тиесілі Halyk қоры марқұмдардың отбасыларын қолдауға 25 млн теңге бөледі. Бұдан бөлек, Halyk Bank қаза тапқан мерзімді әскери қызметшілердің банк алдындағы берешегін толық кешіретінін хабарлады. Бұл – ақшалай аударым емес, отбасыларға көрсетілетін қосымша қаржылық қолдау.

«ҚазМұнайГаз» қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында «Өзенмұнайсервис» қызметкері Болатбек Шалабаевтың ұлы Мадихан Азамат болғанын хабарлады. Компания марқұмдардың отбасыларына қажетті қолдау көрсететінін айтты, алайда нақты соманы жариялаған жоқ.

Air Astana және FlyArystan қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге ішкі рейстерге тегін әуе билеттерін ұсынды. Жеңілдік 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығындағы рейстерге қолданылады. Тегін билет алу мүмкіндігі ата-аналарына, жұбайларына, балаларына және туған аға-әпкелеріне беріледі. Брондау кезінде туыс екенін растайтын құжат қажет.

Көмек «Ұлттық рух» қоры арқылы көрсетіледі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған қосымша қаражаттың бір бөлігі «Ұлттық рух» қорына аударылады.

Қайырымдылық жасағысы келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың мына ресми реквизиттері арқылы аудара алады:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі
БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT

Маңғыстау облысы әкімдігі азаматтарды қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы