USD
USD
USD

Қайтыс болған азаматтың ағзалары донорлыққа берілді

Донорлық ағзалардың «Күту парағында» 4300-ден астам адам, олардың ішінде 120-дан астам бала бар.

Донор
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының көпбейінді облыстық ауруханасында қайтыс болғаннан кейін 1985 жылы туғанқазақстандықтың ағзалары донорлыққа берілді. Отбасының келісімінің арқасында жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донорлық процесті ҰҒОО және UMC транспланттау бригадаларының, өңірлік үйлестірушілердің және барлық қажетті қызметтердің қатысуымен Трансплантаттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер республикалық орталығы ұйымдастырды.

«Полиция қызметкерлері маңызды рөл атқарды, олар жедел әрекет етіп, облысқа кеткен дәрігерлер мен мамандарды алып жүруді қамтамасыз етті. Бұл жағдай донор отбасының шешімімен бірге үйлестірушілердің, медицина қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметтердің үйлесімді жұмысы ғана Қазақстанда жүздеген пациенттердің өмір сүруіне мүмкіндік беретінін айқын көрсетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, донорлық ағзалардың «Күту парағында» 4300-ден астам адам, олардың ішінде 120-дан астам бала бар.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы