USD
USD
USD

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі. Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда.

Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады. Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 468 нысанда жұмыс аяқталды.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік