USD
USD
USD

Қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды

Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады.

Қайтарылған активтер
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды.

Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру және ем-шаралар кабинеттері бар. Шұғыл жағдайларға жедел ден қою үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген.

Шет ауданында ашылған медициналық пункт өңірде қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүруде.

Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр.

Жаңа медициналық нысандарды ашу бойынша жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 655 жобаның 540-ы жүзеге асырылды.

Қазір оқып жатыр

Саясатқа бет бұрған Айжан Аймағанова жұмыстан кеткенін мәлімдеді

.

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.