24 Маусым 17:25
...

Қайтпай қалмаса... «Бәйтерек» холдингі НЕГЕ қауіптеніп отыр?

Бәйтерек
Фото: Фото: Nege.kz

«Бәйтерек» холдингі үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының лизингтік қарызды қайтара алмау қаупі бар. ҚТЖ басқа холдинг – «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіреді. Әңгіме 225 миллиард теңге төңірегінде.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, «Бәйтерек» холдингінен ең көп лизинг алған тарап – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен оған бағынышты тасымалдаушылар. Жалпы алғанда, олар алған лизинг сомасы 225,6 миллиард теңгеге жеткен. Әзірге ҚТЖ тобының тарапынан қарызды төлемеу, кешіктіру фактілері болған жоқ. Бірақ тәуекел-менеджменті тұрғысынан лизингтің былайша шоғырлануы белгілі бір қауіптер туғызып отыр. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін шығарған KPMG жазады.

Тақырыпқа орай: Қайтқан малдан қайыр жоқ. «Бәйтерек» холдингінің бұрынғы басшысына НЕГЕ сұрақтар туындай бастады?

Байтерек
Фото: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

2023 жылдың қорытындысы бойынша Бәйтеректің міндеттемелері 10,9 триллион теңгеге жетіп қалды. Ал активтері 13,6 триллион теңгені көрсеткен. Сонда холдингтің меншікті капиталы 2,6 триллион теңгеге жуықтайды.

2023 жыл «Бәйтерек» үшін жаман болған жоқ. Холдингтің таза табысы 2022 жылға қарағанда өсіп, 407,6 миллиард теңгеге жетті. Үлестірілмеген жиынтық кіріс 875 миллиард теңгеден асты. Операциялық кіріс өссе, инвестициялық кіріс бойынша «Бәйтерек» минусқа кеткен.

Байтерек
Фото: Nege.kz

«Береке банк» әлі күнге дейін «Бәйтеректің» балансында отыр. Катардың Lesha Bank инвесторына ол биылғы үшінші тоқсанда толық өтуі тиіс.

Сол кезде холдинг активіне тағы 65 миллиард теңге қосылады. Ең бастысы, ҚТЖ өз қарызын уақтылы қайтарса болды.