USD
USD
USD

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

«Қайраттың» өткен жылы Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен 14 футболшысына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы берілді.

Қайрат
Фото: «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Клуб өкілдерінің хабарлауынша, марапаттау рәсімі Т. Сегізбаев атындағы академияда өтті. Футболшыларға құрметті атақты клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Аскар Есимов, сондай-ақ Қазақстан футболының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талгаев табыстады.

Марапатқа Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабулат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Туякбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансур Биркурманов, Мұхамедәли Әбіш, Рамазан Бағдат ие болды. Қазір Англияда жүрген Дастан Сатпаевқа да осы атақ берілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер

Арман Қырықбаев 274-бапты жеңілдету мәселесіне пікір білдірді

.

Көңілдесіне Cartier немесе отбасымен демалыс: министр шенеунікті қай кезде рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге болатынын түсіндірді

Арман Қырықбаев