2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Қайрат» VS Real Madrid: матч трансляциясын қайдан және қашан көруге болады

Қазақстандық жанкүйерлер 30 қыркүйекте Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы ойынын тікелей эфирде тамашалай алады.

«Қайрат» – «Реал Мадрид»
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кездесудің трансляциясын Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Qazsport арнасында ойынды Ербол Қайыров пен Ерсін Ерік, ал Qazaqstan арнасында Жандос Байділда мен Фархад Каналы жүргізеді. Матчтың басталуы Астана уақытымен 21:45-ке жоспарланған.

Еске салайық, топтық кезеңнің алғашқы турында “Қайрат” сырт алаңда португалиялық “Спортингке” 1:4 есебімен есе жіберсе, “Реал” өз алаңында француздық “Марсельді” 2:1 есебімен жеңген еді.

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасына қиын әрі қызықты жолдан өтті. Іріктеу кезеңінде команда словениялық “Олимпияны” (қос кездесуде 3:1), финляндиялық КуПС-ті (3:2) ұтып, содан кейін тартысты пенальти сериясында словактық “Слованнан” басым түсті (1:1, пенальти — 4:3). Шешуші плей-офф кезеңінде “Қайрат” шотландиялық “Селтикпен” кездесіп, тартысты ойынның соңы тағы да пенальтиге ұласты (0:0, пенальти – 3:2).

Ол кештің басты қаһарманы қақпашы Темірлан Анарбеков болды — ол сенсациялық түрде үш соққыны қатарынан қайтарды. Бір тәулікте оның Instagram-дағы оқырмандарының саны 100 мыңнан астамға артқан.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев