USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүйі үшінші аукционда 12,3 млрд теңгеге сатылды. Бұл бастапқы бағасынан 68%-ға арзан. 

DoubleTree by Hilton
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Астана, NEGE. 29 қазанда мемлекеттік мүлік тізілімінің электронды сауда алаңында өткен аукционның қорытындысы бойынша нысан 12,38 млрд теңгеге сатылған.

Алайда саудаға шығарылған бастапқы бағасы 38,28 млрд теңге. Аукцион шарты бойынша сатып алушының бағаны 8,93 млрд теңгеге дейін саудаласуға мүмкіндігі болған. 

Қонақүй бұған дейін қыркүйек пен қазан айында өткен екі саудада да сатылмады. Оған нысанды сатып алуға ниетті тұлғалардың болмағандығы себеп болған. Ал қазіргі жаңа иесінің кім екені әзірге жарияланған жоқ.

Досмұхамедов көшесінде орналасқан 11 қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 16,2 мың шаршы метр. Қонақүйде 112 нөмір, мейрамхана, бассейн, SPA-аймақ, фитнес-орталық және банкет залы бар. Саудаға тек ғимараттың өзі шығарылған. Жиһаз, DoubleTree by Hilton атауы мен франчайзинг келісімі сатылымға кірмейді.

Еске салайық, Қайрат Сатыбалды 2023 жылдың қыркүйегінде қонақүйді мемлекетке сыйға тартты. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи нысанның сатылу бағасына күмән келтіріп, оны Сатыбалдымен байланысты компаниялар қайта сатып алуы мүмкін екенін айтқан еді.

Ал Бас прокурор Берік Асылов қонақүйді сату кезінде заңсыз әрекеттер мен лоббизм белгілері анықталмағанын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров