USD
USD
USD

«Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген болуы мүмкін» – Қайтарылған активтерді басқару компаниясы коллекциялық монеталарды аукционға шығарды

Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару компаниясы коллекциялық монеталар мен зергерлік бұйымдарды сатылымға қойды. Бастапқы бағасы — 67 339 496 теңге.

Монеталар
Фото: Қайтарылған активтерді басқару компаниясы

Алматы, NEGE. Сатылымға қойылған бағалы заттар арасында «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан күміс монеталар бар: «Бата», «Беташар» және төрт дана «Сүйіндір». Сондай-ақ, лотта екі дана «Шыңғысхан» және бір дана номиналы 500 теңгелік «Troops of Chinggis Khan» монетасы көрсетілген.

Барлық бұйымдар жаңа күйінде, көпшілігі түпнұсқа қаптамада немесе футлярда ұсынылған.

Сату процесі мемлекетке қайтарылған активтерді іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған. Бұл заттардың нақты шығу тегі ешбір ресми құжатта көрсетілмегенімен, олардың Қайрат Сатыбалдымен байланысты болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды.

2024 жылы Қазақстанның Бас прокуратурасы Қайрат Сатыбалды мен оның айналасынан жүздеген миллион теңгеге бағаланатын 174 сәнді бұйым – эксклюзивті әшекейлер, брендтік сағаттар мен коллекциялық монеталар тәркіленгенін хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша