USD
USD
USD

Қайрат Нұртас 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Күні кеше танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақтың бортында жанжал шығарған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм каналында хабарлады.

Қайрат Нұртас
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Төбелес салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров жеңіл жарақат алған. Ұшақ командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Полицейлер екеуін де бөлімшеге жеткізді, онда музыканттың үстінен екі әкімшілік құқық бұзушылық – денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет жасалған ұсақ бұзақылық үшін хаттама толтырылды.

Бұған дейін Қайрат Нұртас сахнада балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл төлеген болатын. Асылбек Бекқайыровтың да үстінен хаттама толтырылды.

Екі құқық бұзушылық үшін Қайрат Нұртас 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі – «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары