USD
USD
USD

«Қайрат» командасы Дастан Сәтпаев туралы мәлімдеме жасады

«Қайрат» командасының футболшысы Дастан Сәтпаев Қатарға қосымша қаралуға аттанады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Дастан Сәтпаев
Фото: ҚФФ

Алматы, NEGE. – Бүгін түнде ол дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, осындай себептерге байланысты ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындардан жарақатына байланысты шет қалды.

Дастан Сәтпаев 2007 жылы 12 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2024 жылдан бері алматылық «Қайрат» командасы сапында 24 кездесуде 12 гол соғып үлгерді.

Ал ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2025 жылдың 19 наурызында Кюрасао құрамасына қарсы өткізді.

Жас шабуылшы биылғы жылдың ақпан айында Англияның «Челси» (Лондон) клубымен трансфер бойынша келісімге келді. Енді ол 18 жасқа толғаннан кейін лондондық клуб сапына қосыла алады.

Қазір оқып жатыр

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты