7 Қыркүйек 13:33
...

«Қайрат» капитаны тісін сындырып алды

Футбол
Фото: "Қайрат" клубы
Оқыс жағдай Беларусь пен Грекия құрамалары арасындағы ойында болды.

Алматы, NEGE. 5 қыркүйекте Беларусь құрамасының қорғаушысы және Алматының «Кайрат» командасының капитаны Александр Мартынович жарақат алды, деп хабарлайды 1bol.kz.

Оқыс жағдай Беларусь пен Грекия құрамалары арасындағы әлем чемпионаты-2026 іріктеу ойынында болды. Қарсыласының шынтағы тиген Мартынович 54-минутта ойынды жалғастыра алмады. Соққы салдарынан футболшының тісі сынғаны белгілі болды.

«Беларусь жаңа іріктеу циклін сәтсіз бастады: олар гректерден 1:5 есебімен ұтылды. 38 жастағы Мартынович ұлттық құрама тарихындағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі саналады. Бұл жолы алаңға шыққан ең егде ойыншылар арасында ол Александр Глебті артқа қалдырды, алайда Александр Кульчиден (40 жасында ойнаған) кейін тұр», - деп жазды портал.

Бұл кездесуде Қазақстан Премьер-лигасының өкілдері көп болды: «Ақтөбеден» Никита Корзун мен «Астанадан» Макс Эбонг толық матч өткізсе, «Қайрат» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко 67 минут ойнады. «Жеңіс» қақпашысы Сергей Игнатович қосалқы құрамда қалды.

Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур ойындары 13-14 қыркүйекке жоспарланған. Ал 19 қыркүйек түні «Кайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңін Португалияда «Спортингке» қарсы матчпен бастайды.