USD
USD
USD

«Қайрат» қақпашысына клубтардың бірінің назары ауды

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы, 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» футбол клубы ұсыныс жасамақ.

instagram.com/kallmurza
Фото: instagram.com/kallmurza

Астана, NEGE. «Тараздың» директоры Дидар Сыдықбек «Қайратқа» Қазақстан U-19 құрамасының қақпашысы Шерхан Қалмырзаны ауыстыру жөнінде ұсыныс әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

«Менің ұстанымым "Тараз" футбол клубы таза өз түлектерімен ойнайтын испаниялық "Атлетик Бильбао" сияқты болуы қажет.

Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып жатырмыз. Ертең ұсыныс жолдап, диалог құра бастаймыз», – деп жазды ол Telegram-дағы арнасында.

Дидар Сыдықбек жас футболшының Жамбыл облысы тумасы екенін еске салып өткен.

18 жастағы Шерхан Қалмырза «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Спортингке» (1:4) және «Реалға» (0:5) қарсы өткен матчтарынан кейін Қазақстандағы ең танымал футболшылардың біріне айналды. Негізгі қақпашылар жарақат алған соң, ол алматылық клубтың қақпасын қорғауға мәжбүр болды.

Сондай-ақ биыл ол Қазақстанның жастар құрамасы сапында Еуро U-19 іріктеу кезеңінде үш матч өткізді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою