USD
USD
USD

«Қайрат» футбол клубы құрамына португалиялық шабуылшы қосылды

«Қайрат» футбол клубы құрамына португалиялық шабуылшы Жорже Габриэль Кошта Монтейру қосылды.  

«Қайрат» футбол клубы
Фото: kazfootball.kz

Алматы, NEGE. Ол үлкен футболда жанкүйерлерге Жоржиньо деген лақап атпен танымал. Келісімшарт 2026 жылғы маусымының соңына дейін жасалды.

Биыл 27 жасқа толған оның бойы 169 сантиметр болса, салмағы 65 келіні құрайды.

Португалиялық «Брага» клубы академиясының түлегі өз елінде «Селейруш», «Мерелиненсе», «Фафе», «Санжуаненсе», «Певидем» командаларында ойнаған.

Былтыр форвард люксембургтік «Дифферданж 03» клубына ауысып, екі маусымда тамаша ойын көрсетті. 2023/24 жылғы маусымда 32 матчта 28 гол гол соқса, 5 нәтижелі пас берді. Ал 2024/25 жылғы маусымда 19 матчта 17 голдың авторы атанып, 10 мәрте әріптестерінің гол соғуына көмегін тигізді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы