USD
USD
USD

«Қайрат» чемпиондар лигасында италиялық «Интерден» жеңілді

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде италиялық «Интермен» кездесті.

Интер
Фото: sports.kz

Астана, NEGE. Кездесу «Сан-Сиро» стадионында өтті, оған Португалиядан келген Луиш Годинью бастаған төрешілер құрамы төрелік етті.

Бірінші таймның 45-минутында «Интердің» капитаны Лаутаро Мартинес есеп ашты. Ал, 55-минутта «Қайрат» капитаны Офри Арад есепті теңестірді.

Алайда, Карлос Аугусто бұрыштамадан дәл соққы жасап, 67-минутта «Интер» алға шықты. Нәтижесінде ойын 2-1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының осы маусымында миландық «Интерге» қарсы гол соққан алғашқы команда болды. Италиялық клуб бұған дейін үш ойында: голландиялық «Аякс» (2-0), чехиялық «Славия» (3-0) және бельгиялық «Юнионды» (4-0) жеңіске жетіп, бірде-бір гол жібермеген.

Енді «Қайрат» 26 қараша күні сырт алаңда даниялық «Копенгагенмен» кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы