USD
USD
USD

«Қайрат» Чемпиондар лигасынан қанша табыс табады?

Алматылық «Қайрат» жанкүйерлерді таңғалдырып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.

«Қайрат» баспасөз қызметі
Фото: «Қайрат» баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Meta-ratings.kz есебінше, «Қайраттың» табысы 20,175 млн еуро болады. Қазіргі бағаммен бұл шамамен 12,563 млрд теңге. Оның ішінде 18,62 млн еуро – алматылықтарға топтық кезеңге қатысқаны үшін берілетін кепілдендірілген сома. Тағы 1,281 млн еуро клубқа телехабар тарату құқықтарынан түседі – бұл ең төменгі міндетті төлем.

Сонымен қатар, клуб турнир кестесінде соңғы 36-орынды алып, барлық сегіз ойында ұтылса да, 275 мың еуро табысты міндетті түрде иеленеді. Бұл ең аз табыс көлемі. Алайда ол бұдан да өсуі мүмкін, деп жазады автор.

Sports.kz мәліметінше, топтық кезеңдегі сыйақылар мынадай:

– Жеңіс үшін – 2,1 млн еуро (шамамен 1,3 млрд теңге),

– Тең ойын үшін – 700 мың еуро (шамамен 436 млн теңге).

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті