USD
USD
USD

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс әлі аяқталған жоқ – ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеудің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Қайрат Боранбаев
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. – Боранбаев негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар, ол өз еркімен 120 миллиард теңгеге жуық шығынды өтеген. Бірақ қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақыны қайтаруы мүмкін, – деді Елемесов. 

Ол тергеу жүріп жатқанына қарамастан Боранбаевтың неліктен бостандықта жүргенін түсіндірді.

– Бұған дейін сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, кейін келтірілген залалды толығымен өтегендіктен, бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол «Қайрат» футбол клубы бойынша Боранбаевқа қатысты тергеу амалдары қарастырылмағанын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша