USD
USD
USD

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі «Қайрат» футбол клубы семейлік «Елімаймен» Алматыдағы ойында 1:1 есебімен тең түсіп, екі ұпайдан ақағылғаннан кейін бас бапкер Рафаэль Уразбахтин қызметінен босатылады деген ақпаратты теріске шығарды.

.
Фото: fckairat.com

Астана, NEGE. Клуб мәліметінше, бас бапкерді ауыстыру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, ал Уразбахтинмен келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалған.

«Қайрат» клубы Рафаэль Уразбахтин мен оның бапкерлер штабына толық сенім білдіретінін атап өтті. Оның жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді, ал ағымдағы маусымда жеті турдың қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Сондай-ақ клуб мұндай ақпараттық жарияланымдарды команда төңірегінде жасанды шиеленіс тудыру және ішкі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағалайтынын мәлімдеді.

ҚПЛ-дың жаңа маусымы басталғалы бері қостанайлық «Тобыл» клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев пен «Ақтөбе» клубының бас бапкері Николай Костов жұмыстан кетіп үлгерді. 

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші