2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Қайрат! Айырат!» – «Кешьюдің» қыздары футболшыларға «біртүрлі» ән арнады

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» қарсыласатын дүбірлі дода қарсаңында отандық футбол клубына әркім әрқалай қолдау білдіруде. Мәселен, Баян Мақсатқызы жетекшілік ететін атақты «Кешьюдің» қыздары «Қайрат! Айырат!» деп бейнебаян ұсынды.

Қ
Фото: видеодан скрин

«Қайраттың» элементтерінен тұратын киім үлгісін киген қыздар стадионда шарқ ұра билей жүріп, доп қуалайды.

«Алдыңда жігіттер білесің «Қайратты»,

Көтерем бүгін мен көк, сары байрақты.

Алатаудан биік ұшқан,

Қырандар келеді шулатып аймақты»,– деп шырқайды ән жолдарында қыздар.

Тректі тыңдаған желідегі жұрттың бір қатары туындыны «Қайраттың» ұраны қылуға болады» десе, ендібіреулер «Түсініксіз, не айтып жатыр» деп ән сөздеріне көңілі толмайтындығын білдірген.

Сондай-ақ «Билет бар бір штук, сатамын», «Сатылымда Қайраттың футболкалары бар. Алушылар болса, жазыңыздар!» деп, пікірлер алаңын сауда базарына айналдырып жіберген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев