USD
USD
USD

«Қайрат» «Арсеналдан» ұтылып, Чемпиондар лигасындағы ойынын аяқтады

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы ойынында Лондонда «Арсеналмен» кездесіп, алаң иелеріне есе жіберді.

instagram.com/f.c.kairat
Фото: instagram.com/f.c.kairat

Астана, NEGE. Матч Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтті. 

Бірінші таймның алғашқы минуттарында-ақ есеп ашылды. Алғашқы голды ойынның 3-минутында «Арсеналдың» шабуылдаушысы Виктор Дьекереш салды. Дегенмен бірнеше минуттан кейін пенальти орындаған Жоржиньо есепті теңестірді.

Үзіліске дейін алаң иелері «Қайраттың» қақпасына тағы екі гол салып үлгерді. Ағылшындық клубтың шабуылдаушылары Кай Хаверц пен Габриэл Мартинелли гол авторлары атанды.

88-минутта «Арсенал» ойыншылары алматылық клубтың қақпасына тағы бір гол салғанымен, төреші офсайдқа байланысты Габриэль Жезустың голын есепке алмады.

Қорытынды голды «Қайраттың» бразилиялық шабуылдаушысы Рикардиньо соқты (90+3). Оған Валерий Громыко пас берді.

Кездесу 3:2 есебімен лондондық «Арсеналдың» пайдасына шешілді.

Осылайша Рафаэль Уразбахтин шәкірттері бір ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов