USD
USD
USD

Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазының кесенесіне барып, кешірім сұрады

Әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесіне барып, кешірім сұрады. 

Қайрат
Фото: Instagram

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Қайрат Әділгерейдің қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Қоғамның сынынан кейін өнер иесі көпшілікке арнайы үндеу жасап, күйші жерленген Астрахань облысына барып, оның рухына құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұрайтынын мәлімдеген еді

«Алматыдан ат терлетіп арнайы Астрахань облысы Алтынжар елді мекеніне келіп отырмын. Құрманғазы бабамыздың кесенесінің алдында тұрмын. Осы орайда қазақ елінен, Құрманғазы бабамыздың ұрпақтарынан кешірім сұраймын. Атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін басымды иіп кешірім сұраймын. Құрманғазы бабамыздың басына барып, Құран бағыштап, құрбан шалып қайттық» – деді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, бұған дейін тарихи тұлға, күйші Құрманғазының ұрпақтары Қайрат Әділгерейді сотқа беретіндерін мәлімдеген еді. Себебі әзілкеш бір сұхбатында Құрманғазыны «қарақшыға» теңеген еді.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.