2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

ҚМА: Қайырымдылық атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз деген «Үміт Самғау» ұйымының заңсыз әрекетін әшкереледі.

ҚМА
Фото: gov.kz

Астана, NEGE.  Агенттік ақпаратынша, компания өз қызметін қайырымдылық жобасы түрінде көрсеткен.

«Азаматтарға салған қаражатының 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған. Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған. Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген», – деп хабарлады ҚМА.

Схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.

Нәтижесінде 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті