USD
USD
USD

Қай өңірдің тұрғындары көбіне зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлердің нақты саны 396,5 мың адам болған.

жұмыс
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл зерттелген кәсіпорындардағы 1,7 млн қызметкердің 22,2%-ына тең болған. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдер саны – 80,4 мың адам.

Статистикалық мәлімет бойынша, зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында тіркелген – 56,3 мың адам. Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы – 37,2 мың адам. Үштікті Павлодар облысы түйіндейді – 49,2 мың адам, Шығыс Қазақстан облысында 25,1 мың адам, Алматы қаласында 24,5 мың адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін болып шықты. Ең төмен көрсеткіш Алматы облысында – 4,1 мың адам.

Олардың көбі өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіні белгілі – 272,7 мың адам. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 115 мың адам, тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында 114,7 мың адам жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

.

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Теңізшевройл