USD
USD
USD

«Қауіпті қылмыстық топ мүшелері атып кетті»: Жамбыл облысында жас жігіт оққа ұшты

Оқ жарақатынан қаза болды делінген Жамбыл облысының тұрғыны Ахмет Дүкенбайдың туыстары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қылмыстың объективті әрі жан-жақты тергелуіне ықпал етуін сұрайды.

Ахмет Дүкенбай
Фото: threads.com/@kaairatovnnna

Астана, NEGE. Қайғылы жағдайдың мән-жайын Threads желісінде марқұмның қарындасы баяндап берді. Оның жазуынша, 25 жастағы Ахмет Дүкенбайды 1 тамыз түнгі сағат үштер шамасында Тұрар Рысқұлов ауданы Луговое ауылындағы Пушкин көшесінде атып кеткен.

«Бізге белгілі мәліметтер бойынша, ол осы аудан аумағында әрекет ететін, қауіпті қылмыстық топтың мүшелері деп саналатын адамдардың қолынан қаза тапты», – дейді жазба авторы.

Оның мәлімдеуінше, қылмысқа қатысы бар адамдар қайғылы оқиғаға дейін бірнеше рет жігітке қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқан. Ал құқық қорғау органдары әлі күнге дейін оқиғаның мән-жайын толық түсіндіріп бермеген.

«Осы жайттардың барлығы тергеу барысында мұқият әрі объективті тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі деп сенеміз», – дейді марқұмның қарындасы.

Сондай-ақ қапыда қаза болған жігіттің туыстары Президенттен кінәлілердің заң алдында лайықты жазасын алып, жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз етуді сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі