USD
USD
USD

Қауіпті болуы мүмкін – Астанада ет өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан кәсіпорындар анықталды

Олар ет өңдеу жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз және антисанитарлық жағдайларда жүргізген. 

ет өнімдері
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны белгілі болды.

«Полиция мен ҰҚК  қызметкерлері рұқсат құжаттарысыз және антисанитарлық жағдайда ет өңдеумен айналысқан заңсыз әрекетті тоқтатты. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны анықталды. Онда алты адам заңсыз жұмыс істеп, күнделікті ақшалай төлем алып отырған. Қолданылатын шикізат ретінде құжатсыз сатып алынған күмәнді ет пайдаланылған. Дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған», - деп хабарлады Астана ПД.

Құқық қорғаушылар Астананың бір ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан екінші оқиғаны да атап өтті. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі болмаған.

Қазіргі уақытта тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама тағайындалды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Астана Полиция департаменті ет өнімдері ветеринарлық бақылаусыз адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті. 

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік