Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы арнайы жиын өткізді
Президенттің Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру – қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды ІІМ.
Алматы, NEGE. Кеңес барысында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған құқық қорғау саласындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысты.
Ол қылмыстық процесті жаңғырту жөніндегі пилоттық жобаның бүкіл елге масштабталғанын атап өтті.
Бұл сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына тиісті түзетулермен бекітілген. Осы орайда бұл жұмыстың жергілікті жерлерде қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын түсіну маңызды.
Алматыда қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу қалай өтіп жатқаны туралы қала прокурорының міндетін атқарушы Назарбай Ибраймолдаев айтып берді.
«2021 жылы Алматы полициясы қылмыстық істер бойынша 30 225 процессуалдық шешім қабылдады, оның 24 708-і прокурормен келісіліп, бекітілді. Яғни, «прокурорлық сүзгі» азаматтардың құқықтарын бұзу санын 38% - ға азайтуға мүмкіндік берді», - деді Ибраймолдаев.
Кеңес аясында Әсет Исекешевке қылмыстық істерді жүргізудің жаңа форматы, қызметкерлердің жұмыс орындарын жабдықтау және өңделетін деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері көрсетілді.
«Қазір Алматы полиция департаментінде қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу үшін 375 жұмыс орны жабдықталған. Е-форматты қолдану полицейлердің жұмысын ашық етеді, ал деректерді қорғау бойынша пайдаланылатын технологиялар қылмыстық істе құжаттардың бұрмалануына және ауыстырылуына жол бермейд», - деді Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Электрондық формат қабылданатын шешімдерді келісу процесін жеңілдетуге және жылдамдатуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тергеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазір оқып жатыр
Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?
Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді
Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ
Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ