USD
USD
USD

Қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті.

Қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алғабас ауылында секундына 19 метрге жететін қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 70 шаршы метрді құрайтын мәдениет үйі ғимаратының шатыры зақымданған.

«Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД тұрғындарды сақ болуға, үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырады.

Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болған жөн.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер