USD
USD
USD

Қатты жел 5 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

Жаңақорған ауданында соққан қатты жел 5 ғимарат пен екі қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қатты жел 5 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 сәуірде Жаңақорған ауданы аумағында қатты жел соғып, салдарынан 5 ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен. «Жел №51 орта мектеп, аудандық ветеринариялық зертханасы, аудандық әкімдігі, аудандық қаржы бөлімі және агралық-техникалық колледжінің және оған қоса Алтынсарин көшесіндегі 2-қабатты тұрғын үй шатырын ұшырған», - делінген департамент хабарламасында. Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ қатты жел мен жаңбыр ауданның электр жүйесіне де әсер еткен. Жаңақорған кенті мен бірқатар ауылдарда оған байланысты авариялық жағдай тіркелген. Аудан әкімдігі ақауды қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Еске салсақ, бұдан бұрын Қазалыда қатты жел бірқатар нысандардың шатырына ұшырып әкетті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек