USD
USD
USD

«Қатыгездік» – Аида Балаева Сара Назарбаеваның өліміне қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Сара Назарбаева қайтыс болды» деген қауесетке пікір білдірді.

Аида Балаева
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Ақорда кулуарында журналистер министрден осы ақпаратқа қатысты пікір білдіруін сұрады.

«Емделіп жатқан адамға тым қатыгездік таныттық. Шынымды айтсам, мен өзім нақты білмеймін, ол адамның жеке өмірі, отбасына қатысты жағдай. Тұңғыш президенттің отбасы екені түсінікті, бірақ өлім туралы ақпарат тарату – қатыгездік. Бұл ақпаратты баспасөз хатшысы жоққа шығарды және ол дұрыс жасады. Әрқашан сенімді дереккөздерге сүйену керек», – деді Аида Балаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап кеткен еді. Кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Сара Алпысқызы қайтыс болды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу