USD
USD
USD

Қатерлі індет жұқтырғандардың саны бір тәулікте 1,5 есеге өсіп кетті

Қытайда өкпе қабынуына әкелетін жаңа вирустан көз жұмғандардың саны 80-ге жетті. Ауырғандардың саны 2 744 адамға көбейді. Бұл деректі ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет таратты. ​

Қатерлі індет жұқтырғандардың саны бір тәулікте 1,5 есеге өсіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін қауіпті жұқпалы дертке 1 975 адам шалдыққаны, олардың 56-сы көз жұмғаны туралы мәлім болған еді. Қазір ауруханалардағы 461 науқас ауыр халде жатыр, 51 адам жазылып шыққан. Күні бүгінге дейін ауру 5 794 адамды шарпыды деген болжам бар. Global Times газеті вирус тараған Хубэй провинциясында аурудан 76 адам көз жұмған, жалпы ауырған адам саны мұнда 1 423-ке жеткен. Қытай билігі елдегі індетке қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын мойындады. Дүйсенбі күні Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян Ухань қаласына келді. Мемлекет қазынасынан індетпен күреске 1, 58 млрд доллар бөлінген. Ал Ухань қаласында қазір вирус жұқтырғандарды емдеу барысында ИТВ (ВИЧ) және ЖИТС (СПИД) жұқпалы ауруларымен күресетін дәрі-дәрмектер қолданыла бастаған.

Қытайдан тараған қатерлі вирус алыстағы Австралия құрылығына да жетті. Еуропадағы ең алғашқы науқас Франциядан табылды. Ал АҚШ-тағы ауру жұқтырғандар саны соңғы дерек бойынша беске жеткен.  

 

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.