USD
USD
USD

«Қателік жібергенімізді мойындаймыз»: Higgsfield айыптауға жауап берді

Бұған дейін қазақстандық Higgsfield AI стартабына бірқатар айып тағылып отырғаны мәлім болды.

Александр Машрабов
Фото: instagram/amashrabov

Астана, NEGE. Атап айтқанда, құны 1 млрд долларға бағаланған алғашқы қазақстандық стартапқа пайдаланушыларды «шексіз» тарифтер арқылы жаңылыстырды, өзгелердің модельдерін жоғары үстемемен қайта сатты және жосықсыз ілгерілету тәсілдерін қолданды деген айыптар тағылған.

Осы ақпарат шыққан соң компанияның негізін қалаушылардың бірі Александр Машрабов X әлеуметтік желісінде жазба жариялап, мән-жайды түсіндірді. Ол қолдау білдіргендерге алғысын айта келе, жылдам өсу процесінің елеулі қиындық тудырғанын атап өткен.

«Біз ішкі үдерістеріміз бен сыртқы коммуникациямыздың әрдайым негізгі құндылықтарымызға сай келе бермегенін және қателіктер жібергенімізді мойындаймыз. Бұл үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз және бағыт-бағдарымызды белсенді түрде түзеп жатырмыз. Біздің контент жасаушыларға бағытталған ДНҚ-мыз өзгеріссіз қалса да, алдағы уақытта жұмысымызда әлдеқайда тәртіпті әрі жүйелі тәсілді көресіздер», – деп жазды Машрабов.

Ол қиындыққа қарамастан, «қауымдастықтың даму қарқыны айқын» екенін айта келе, үш апта ішінде Higgsfield Earn бағдарламасы 10 мыңнан астам авторға 800 мың доллардан астам қаражат үлестіргенін атап өткен. 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net