2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Катар Қазақстанға 9 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Нұр-Сұлтанға «Qatar Airways» әуе компаниясының арнайы рейсімен 9 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. «Катар Әмірі ұлы мәртебелі шейх Тамим бен Хамад Әл-Тәнидің тапсырмасын орындау мақсатында бүгін катарлық әуе желісімен гуманитарлық-медициналық көмек тиелген чартерлік рейс келді.

Катар Қазақстанға 9 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл көмектің Қазақстан Үкіметіне коронавирустық инфекцияны жеңуге көмектеседі деп үміттенемін. Жалпы салмағы 9 тонна болатын көмекте маска, халат, қорғаныс құралдары бар», - деді Қазақстан Республикасындағы Катар елшісі Абдулазиз бен Султан Аль-Румейхи Нұр-Сұлтан әуежайында. Елші Катардың бірқатар елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатқанын жеткізді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаштың айтуынша гуманитарлық жүкте дәрілік заттар мен препараттар жоқ. Катардың көмек жіберетіні туралы ақпарат үш күн бұрын белгілі болған. «Уағдалстық бойынша гуманитарлық көмекті күтіп аламыз. Бұл үшін Катарға алғыс айтамыз. Катар - елімізге көмек көрсеткен Араб елдері арасындағы екінші мемлекет. Бір ай бұрын Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық көмек жіберген еді. Көмек қазақстандық тараптың өтінішімен беріледі», - деді Е. Мұқаш. Гуманитарлық көмекті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдері қарсы алды және еліміздің медициналық ұйымдарына таратылады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер