USD
USD
USD

Қатар-2022. Франция плей-офф раундына шықты

Франция құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қатар-2022. Франция плей-офф раундына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Доханың "Стэдиум 974" аренасында француздар Дания құрамасынан басым түсті. Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін 45 мың жанкүйер үш голдың куәсі болды.

61 минутта Килиан Мбаппе Дешам командасын есепте алға шығарса, араға 7 минут салып Андреас Кристенсен таразы басын теңестіріп кетті. Ал негізгі уақыттың аяқтиалуына 4 минут қалғанда Мбаппе дубль авторы атанды.

Осы жеңісінен кейін Франция құрамасы D тобында 6 ұпаймен көш бастап плей-офф раундына шықты. Екінші турдан кейін Аустралия командасы 3 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Дания мен Тунис бір-бір баллмен төменгі сатыларға орналасты. 

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова