USD
USD
USD

Қатар Қазақстанға қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетеді

Мәжіліс Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялады.

Қазақстан Катар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа 2024 жылдың 14 ақпанында Дохада қол қойылған. Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты өзара іс-қимылға жауапты орталық органдарды айқындайды. Ол өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі реттеп, көрсетілетін көмектің тізбесін, одан бас тарту негіздерін, сондай-ақ құпиялылық шарттары мен ақпаратты немесе дәлел бола алатын заттарды пайдалануға шектеулерді анықтайды. 

Сонымен қатар іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылардың құқықтары мен қамауға алынған немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдарды уақытша ауыстыру шарттары белгіленеді.

Қылмыстық әрекеттен түскен заттарды, құжаттарды, қаржылық активтерді және басқа да түсімдерді анықтауға, ашуға, қамауға алуға және тәркілеуге көмек көрсету шарттары көрсетілген. 

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев