Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Еліміздегі коронавирустық инфекция мен пневмония бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, карантиндік шаралардың біз күткен нәтижесі болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде, оны күнделікті көріп жүрсіздер. Егер азаматтар санитарлық дәрігер ұсынған талаптарды сақтамаса, қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін», – деді ол.

7 қазандағы жағдай бойынша елімізде COVID-19 індетін жұқтырған 108 362 адам тіркелген, оның 103 463-і жазылып шықса, 1752-сі қаза тапқан. Ал, соңғы тәулікте 66 азаматтан (0,6%-ға өскен) инфекция анықталды. Сондай-ақ, 3 145 пациент тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатыр.

«Республикада коронавирус инфекциясының 33 877 ықтимал жағдайы тіркелген (ПТР-), соңғы тәулікте 262 науқас тіркеліп, сырқаттанушылық деңгейі 0,8%-ға өскен. 27 563 адам жазылып шықса, 361 азамат қайтыс болған», – деді ресми өкіл.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі