USD
USD
USD

Қатаң карантин бола ма?

Қазақстан күзде қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін бе? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

Қатаң карантин бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қалай дегенмен қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі де, Үкімет те белгілі бір теріс болжамға бағдар жасап отыр. Ол қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Ұзақмерзімді болжамды қателікке бойалдыру деңгейі өте жоғары. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімді апталық, 15 күндік немесе 10 күндік болжамға арқа сүйейді», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, 15 тамызда карантин шараларын жеңілдету жағдайы болды.

Одан кейін тамыз айының соңында тағы да карантин шаралары босаңсытылып, бизнесмендер мен кәсіпорындар жұмысына орала бастады.

«Карантин шараларының қандай болатындығы, оның күшейтілетіндігі не болмаса жеңілдетілетіндігі біздің қоғамның тәртібіне, жүріс-тұрыс әдебіне тікелей байланысты екендігін атап өткім келеді. Біз санитар дәрігердің талаптарын мүлтіксіз орындап, бірінші кезекте маска тағуымыз, әлеуметтік арақашық сақтауымыз, жабық ғимараттың ішінде көптеп жиналмауымыз керек. Тәртіпке қалай бағынатындығымызға байланысты карантин шаралары қатаңдатылып не болмаса мүлдем алынып тасталуы мүмкін», – деді Бағдат Қожахметов.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны