2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканы қаржыландыру туралы айтты.

Бизнес
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол 2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге қолдау көрсеткенін, оның 1,75 трлн теңгесі – ШОБ субъектілеріне, 657,5 млрд теңгесі АӨК-ке тиесілі екенін айтты. Ірі бизнес 1,38 трлн теңгеге, экспорттаушылар – 394 млрд теңгеге қолдау алды.

Субсидиялардан кепілдіктерге көшу шеңберінде «Даму» қорының базасында 7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ жобалары және 7 млрд теңгеден астам ірі жобалар үшін кепілдік қорлары құрылды. Банк өтімділігін тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің, Экономика министрлігінің, Ұлттық банктің, ҚҚҚ және ҚНРДА қатысуымен жобалық кеңсе құрылды.

Синдикатталған қаржыландыру арқылы 9,1 трлн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

«Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы жүзеге асырылуда. 100-ден астам қолдау шаралары бар Тізілім бекітілді. “Бәйтерек” холдингіне қолдау көрсету шараларын қамтитын Bgov ақпараттық жүйесін 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланған eGov Business қосымшасымен интеграциялау аяқталды»,

— деп толықтырды Серік Жұманғарин.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур