USD
USD
USD

Кәсіпкерлерді 126 миллион теңгеге алдаған алаяқ Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

Алматы облысының аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін күдікті Бас прокуратурасының сұрау салу бойынша Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Тергеу барысында 2019–2022 жылдар аралығында қаскүнемнің алдын ала сөз байласу арқылы өзге адамдармен бірге өңірдегі ең ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда бутиктерін сату сылтауымен азаматтарды жүйелі түрде алдап келгені анықталды. Алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде ол 11 кәсіпкердің жалпы 126 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдарының өзара тиімді іс-қимылының нәтижесінде биылғы тамыз айында ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен еліне экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек