USD
USD
USD

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкентте жергілікті блогер мен оның сыбайластары қамауға алынды. Олар «беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдар жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан» деп айыпталуда.

Шымкенттегі блогер
Фото: Видеодан кадр/polisia.kz

Астана, NEGE. Блогер мен оның үш сыбайласының заңсыз әрекетін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатқан.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогер сыбайластарымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп отырған.

«Олар қызметтік міндеттерін атқару кезінде анықталды деп болжанған тәртіп бұзушылықтар мен кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтауратып, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен», – делінген ІІМ хабарламасында.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар