USD
USD
USD

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Бишімбаевтың мәлімдемесіне қатысты видеоүндеу жариялады

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова әлеуметтік желіде Бишімбаевтың сот отырысында айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, видеоүндеу жариялады.

Баталовтар
Фото: инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев сот отырысында берген жауабында «Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болды» деп мәлімдеген еді. Бишімбаев белгілі кәсіпкердің есімін Райымбек деп атаған. Барлығы оның Райымбек Баталовты меңзеп отырғанын айта бастады.

«Мен болған жайтқа қатысты пікір білдіргім келеді. Себебі менің инстаграмым «жарылайын» деп тұр. Кеше барлығымыз атышулы сот процесінің куәгері болдық. Ол қызық жағдайда 1 сәуір «Күлкі күні», «сайқымазақтар» күнімен сәйкес келді. Оның сипатыда соған сай болған сыңайлы. Іс сотта қаралып жатса да, «Пусть говорят» шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның ар-намысына, абыройына нұқсан келтіретін негізсіз, ақылға қонбайтын мәлімдемеге пікір білдіргім де келмейді. Мен тек қана Салтанаттың туыстары мен жақындарына күш-қуат, сабыр, сенім тілегім келеді және барша халықтың қолдауымен әділдік орнайды деп сенемін. Бәріміз жақсылыққа сенеміз. Біз сіздермен біргеміз»,– деді Ленара Баталова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар