USD
USD
USD

Кәсіпкер Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Белгілі кәсіпкер, сотталған Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев Алматыда ақылы автотұрақ жүйесін іске қосу кезінде жасалған ұрлық дерегі бойынша келтірілген залалды толық өтеп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

Б
Фото: qamqor.gov.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін желтоқсан айында танымал кәсіпкердің ағасы ұсталғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында тараған еді. Осыған байланысты Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитеті түсініктеме берді.

"2024 жылғы 18 желтоқсанда бұл қылмыстық іс Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің өндірісіне қабылданды. Іздеуде жүрген Мұрат Боранбаев өз еркімен келіп, ұсталды. Оның өтініші негізінде, Қылмыстық-процестік кодексінің 617-3-бабына және “Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы” заңының 25-бабына сәйкес, кінәні мойындау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалды", – делінген комитет жауабында.

2025 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты кінәні мойындау және активтерді қайтару туралы келісім шарттары орындалуына байланысты Мұрат Боранбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сонымен қатар келтірілген залалдың толық өтелгені хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ