USD
USD
USD

Кәсіпкер мемлекеттік органмен соттасып, 270 млн теңге өндіріп алды

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкер мемлекеттік органмен соттасты.

Мемлекеттік орган
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді.

Компания бірнеше жыл бойы Жаңа Бұқтырма кентіндегі жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Жоба мемлекеттік келісімшарт аясында жүзеге асқан. Алайда Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орындалған жұмыстардың бір актісіне қол қоюдан бас тартқан.

Мемлекеттік орган жұмыстардың толық орындалғанын жоққа шығармағанымен, қосымша келісім жасалған кезде шартты жеңілдік есепке алынбағанын алға тартқан.

«Тапсырыс беруші формалды себепті пайдаланып, төлем жасаудан жалтарды. Алайда мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, шартты жеңілдік тек өтінімдерді бағалау кезеңінде қолданылады. Бұл жағдайда мердігер өз міндеттерін толық орындады, ал оның құқықтары бұзылды», — делінген хабарламада.

Сот кәсіпкердің барлық қажетті құжатты ұсынғанын анықтады. Олардың қатарында жасырын жұмыстар актілері, құбырларды сынау нәтижелері және басқа да техникалық қорытындылар бар.

«Жұмыстардың нақты орындалғаны тараптармен дауланбайды. Ұсынылған дәлелдерді ескере отырып, сот орындалған жұмыстар туралы актіні заңды деп таниды және жауапкерден 270 миллион теңге қарызды өндіріп алуға шешім қабылдайды», — делінген сот материалында.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова