25 Желтоқсан 12:11
...

Кәсіпкер Қанат Әміркин Нығматулиндер отбасының үлкен ұлын рейдерлік шабуыл жасады деп айыптады

Қанат Әміркин Нығматулиндер
Фото: Коллаж

Әміркиннің айтуынша, Нығматулиндер кланының мүшесі (скриншотқа қарағанда, әңгіме Нұржан Нұрланов туралы болып отыр) оның миллиондаған долларлық келісімшарты бар жол құрылыс компаниясын тартып алып, кейін банкротқа ұшыраған Qazaq Banki-нен несие алуға мәжбүрлеген. 

Осыдан кейін кәсіпкердің ақшасы мен кепілге қойған мүлкі жоғалған. Оның ішінде автосалон салуға арналған ШААЖ-дағы жер учаскесі де бар. 

«Мені банк кепілдігімен алдап кетті. Менің компаниям несие рәсімдегеннен кейін, Нығматулиндердің үлкен ұлы барлық несиені қолма-қол ақшамен беруді талап етті. Мен банкте қолма-қол ақша жоқ екенін және оған 1 миллион долларға жуық қолма-қол ақша бергенімді түсіндіргенімде, ол өте күшті заттың әсерінде болса керек, ақшаны жеке картасына аударуды талап ете берді. Оны мен бірнеше траншпен жасадым. Мұның барлығын ойдан құрастырмағанымның дәлелі ретінде осындай транзакциялардың бірінің скриншотын қосамын», - деді Әміркин.

Әміркин өзіне бағытталған қоқан-лоққылардың салдарынан елден кетуге мәжбүр болғанын атап өтті.

«Мен жағдайды баяғыда жіберіп, оларды кешірдім. Бірақ кейінірек, олар өздері елден қашып, Дубайда жүргенде маған келіп, өтініш айтты. Кездесуде оның 7-8 миллион долларға жуық ақша мен көлік алғанын еске салдым. Ол оған жартысы ғана жеткенін, қалғанын көмекшілері алып кеткенін айтты», - дейді кәсіпкер.

Әміркиннің айтуынша, салық органдарынан шағым түскен. Кәсіпкердің өзі мәлімдегендей, қазірдің өзінде одан алып қойған ЖШС қарызы үшін 239 миллион теңге салық және 7 миллион теңге баж төлеуге міндеттелген. Ол елден амалсыз кеткенге дейін тұрақты түрде салық төлегенін алға тартты.

«Бұл менен тартып алынған ЖШС үшін субсидиарлық жауапкершілік бойынша болып отыр. Салық органдары менің елден мәжбүрлі түрде кеткенге дейін, менен Нығматулин (Нұрлановтың төлқұжаты бойынша) тартып алған компанияның мүлкі үшін жинақталған салық берешегін өндіріп алу туралы шешім қабылдағанда, оған телефон соқтым. Мұның енді артық екенін айтып, салықты өздеріне жабуды ұсындым. «Маған бәрібір, мен енді Қазақстан азаматы емеспін. Мәселеңмен өзің айналыс» деген қысқа жауап қайырды», – деді Әміркин.