USD
USD
USD

Кәсіпкер достарының ақшасын алаяқтықпен иемденген ер адам ұсталды

27 жастағы қала тұрғыны достарының бизнесін алға жылжыту үшін ақша салуға шақырып, болашақ инвесторларға тиімді бизнес жоспарын ұсынған. Осылайша, Астана тұрғыны полицияға хабарласып, бір жыл бұрын танысына сеніп, оған 4,5 млн теңге бергенін айтқан.

Ұстау, түрме
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тағы бір жағдайда күдікті жәбірленушінің 15 млн теңгесін жымқырып, алдап кеткен. Ол кейіннен жоғары пайда ала отырып, қаражатты тағы да инвестициялауды ұсынған. Бірақ жәбірленушілер жоғары төлемдерді күтпестен бірден құзырлы органға жүгінген.

Бүгінгі таңда полицейлерге 4 алаяқтық дерек белгілі болды.

Аталған факті бойынша күдікті азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті алған қаражатын қойып, бәрін ұтылып қалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар азамат қылмысты жасағанын мойындап, пробациялық бақылауға алынды.

Оның астанада бұрын жасалған осындай фактілерге қатысы бар жоғы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым