USD
USD
USD

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Republica партиясының кезектен тыс V съезінде алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді. Партия ұсынған үміткерлердің қатарында кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов бар.

Құрылтай
Фото: Nege media иллюстрациясы

Астана, NEGE. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы Құрылтай құрамында нәтижелі жұмыс істей алады.

«Біздің тізімдегі кез келген кандидат Құрылтай құрамына өте алады. Біз олардың әрқайсысы өз білімі, тәжірибесі мен кәсіби бағыты арқылы Құрылтайдың жұмысына және партияның қызметіне өз үлесін қоса алады деп сенеміз», – деді ол журналистерге.

Өз кезегінде партия төрағасының жаңа орынбасары Олжас Құспеков кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби тәжірибесіне басымдық берілгенін айтты.

«Сіз айтып отырған азаматтардың барлығы, ең алдымен, кәсіпкерлер. Біз – кәсіпкерлер партиясымыз. "Ирина Кайратовна" тобының мүшесінің креативті индустрияны дамытуға қатысты көптеген ұсыныстары бар. Жастар арасында креативті индустрия қарқынды дамып келе жатқандықтан, мұндай азаматтардың да қатарымызда болғаны дұрыс. Сондықтан тізімге енген азаматтардың қайсысы лайық, қайсысы лайық емес деп айта алмаймын. Барлығы да лайықты. Әрқайсының айтары бар, елдің дамуына қосар үлесі бар», – деді Құспеков.

Оның пікірінше, саясатқа тек саясаттанушылар қажет деген таптаурыннан арылу керек.

«Саясатта міндетті түрде саясаттанушы болуы керек деген таптаурыннан арылуымыз қажет. Әр саланың кәсіби мамандары келіп, өз бағыты бойынша жұмыс істеп, жинаған тәжірибесімен бөлісіп, заңнаманы жетілдіруге үлес қосуға мүмкіндік алуы керек», – деді ол.

Айта кетейік, Republica партиясының Құрылтай сайлауына ұсынған партиялық тізімге 76 кандидат енді. Тізімді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров бастап тұр. Үміткерлердің орташа жасы – 41 жас. Тізімде 44 ер адам мен 32 әйел бар, олардың 11-і немесе 14,5 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас кандидат – 27 жаста, ең үлкені – 55 жаста.

Партия мәліметінше, кандидаттардың 68 пайызы – кәсіпкерлер. Сондай-ақ тізімге мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор, ғылым мен білім, агроөнеркәсіп кешені, мәдениет, спорт, медиа және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енгізілген. Үміткерлер Қазақстанның барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан ұсынылған.

Партиялық тізімге VIII шақырылымдағы Мәжілістің бес депутаты мен түрлі деңгейдегі жеті мәслихат депутаты енген. Кандидаттардың шамамен 70 пайызы – саясаттағы жаңа тұлғалар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс