Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталды

Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиевтің мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Әнуарбек Жексенғалиев
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 млрд теңге.

«Өткізілген қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелді. Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған. Ол сондай-ақ ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған. Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған», - делінген ҚМА таратқан мәліметте. 

Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 млрд теңге.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант