Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Каспийдегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы күштерді орналастыру үшін орын бөлуге міндеттелмек

Энергетика министрлігі Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында жұмыс істейтін мұнай-газ компанияларын терроризмге қарсы теңіз жедел штабының күштерін өндірістік нысандарға жақын жерде орналастыру үшін орын бөлуге міндеттейтін талаптарды бекітті.

Каспий
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жаңа талап Каспий теңізінің қазақстандық секторында жер қойнауын пайдалану операцияларын іске асыратын нысандардың нысандардың меншік иелеріне және басшыларына қатысты болады.

Теңіз жедел штабының сұрауы бойынша олар штабтың күштері мен құралдарын өндірістік нысандарға жақын жерде орналастыру үшін орын ұсынуға тиіс. Бұл ретте оларды орналастыру және жұмысын қамтамасыз ету шығындарын мұнай-газ компанияларының өздері өтейді.

Бұйрықта терроризмге қарсы штаб күштерін орналастыратын орынға қойылатын талаптар да белгіленген. Атап айтқанда, кемінде 10 қызметкерді орналастыруға мүмкіндік болуы керек; теңіздегі өндірістік нысандардан 23 шақырымнан аспайтын қашықтықта орналасуы тиіс. Сондай-ақ тікұшақ алаңы болуы талап етіледі.

Сонымен қатар терроризмге қарсы штабтың күштері мен құралдарын өндірістік нысандарға жақын маңдағы жылжымалы теңіз құралдарына орналастыруға да рұқсат етіледі.

Компаниялардың шығындарына штаб күштерін орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалған, құжатпен расталған шығындар жатады. Олардың тізбесін, көлемін, сондай-ақ шығындарды өтеу және көтеру тәртібін тараптар азаматтық заңнамаға сәйкес өзара келісім бойынша айқындайды.

Бұйрық 2026 жылғы 17 қазаннан бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон

Атырау облысында 190 мың тұтынушы «ақылды» есептегіштерге көшіріледі

Атырау облысы