USD
USD
USD

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов пен Мағауия дін аман екенін, қазіргі уақытта әскери бөлімде әскери қызметін атқарып жүргенін хабарлады.

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Айта кетейік, ведомствоның Каспийдегі оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы жағдай туралы алғашқы мәлімдемесінде 19 әскери қызметші теңіз суына кеткені айтылған еді. Кейін ақпарат нақтыланып, 17 әскери суға кеткені, оның ішінде үшеуі ғана аман қалғаны хабарланды. Осы жайттан кейін жұртшылық бастапқыда аталған 19 әскеридің ішіндегі екі сарбаздың өміріне алаңдаушылық білдірді.

Министрліктің түсіндіруі бойынша, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындаған.

«Мерзімді әскери қызметтегі матростар А.А. Ахметов пен Ә.А. Мағауия жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды», – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу 14 әскери теңіз суына кетіп қаза тапты. Олар қайтыс болғаннан кейін әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградамен марапатталды. 

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатты. Оның орнына Айдос Мырзахметов Қазақстанның қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы 27 қыркүйекте қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізіп, әскери реформаны он күн ішінде әзірлеуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Көмір өндірісін жаңғырту: Qarmet шахталарында қандай өзгерістер бар?

Көмір департаменті, Qarmet

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Александр Вучич

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков